Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесін Оңтүстік Қазақстан облысы жалғастырады

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада ауыл шаруашылығы өнемдерінің жыл сайынғы жәрмеңкелері басталды.

Бүгін оны Алматы облысы бастаса, келесі жәрмеңкені Оңтүстік Қазақстан облысы өткізеді. 

Астана қаласының әкімдігі хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі келесі апта, 22-23 қыркүйек күндері өтеді. Одан кейінгі жәрмеңкелерді Жамбыл облысы (29-30 қыркүйек), Қарағанды облысы (6-7 қазан), Ақмола облысы (13-14 қазан) және Павлодар облысы (20-21 қазан) жалғастырады.