Оның айтуынша, құрылыс аймағына шыққан еңбек инспекторы мен прокуратура қызметкерлері еңбек заңнамасының бұзылғандығын анықтаған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.
«Қазіргі уақытта төтенше жағдайға қатысты тергеу комиссиясы құрылды. Оны әкімдік өкілі - еңбек инспекциясы органы басқаруда. Комиссия құрамына, сондай-ақ жұмыс беруші, жұмысшылардың өкілдері енген. Тергеу 10 күн жүргізіледі. Нәтижесі хабарланатын болады», - деді ол. Еске сала кетейік, 25 сәуір күні Астанада «Көркем» тұрғын үй кешенінде металл құрылымдарының бөліктері құлап кетіп, 18 адам жарақат алған болатын.