«Бұрынғы әскери комиссариат ғимаратын балабақшаға айналдыру үшін онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан еді», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне елордалық Сарыарқа ауданының әкімі Сәбиля Мұстафина.
Оның айтуынша, ғимаратта дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. «Одан кейін нақты не болғанын мен қазір айта алмаймын. Қазір өрт сөндіріліп жатыр», - деді С.Мұстафина өз сөзінде.