деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұған басты себеп қалалық кәсіпорындардың «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің алдындағы дебиторлық қарызының көбеюі болып отыр. 2009 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша, бұл берешек 1,5 млрд. теңгеге жуықтаған. Тұрғындардың қарызы 614 млн. теңгеден асып кеткен. Сонымен қатар бюджеттік ұйымдар мен басқа да заңды тұлғалардың «Астанаэнергосбыт» алдындағы қарызы 800 млн. теңге шамасында болып отыр.
«Жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметі үшін жиналған қарыздың көлемі 515 млн. теңге. Төлеуге асықпайтын борышкерлердің қарыз көлемі, жылу энергиясына түсетін маусымдық жүктемелер кәсіпорынның кредиторлар мен энергия жеткізушілердің алдында қаржы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермеуде. Нәтижесінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС кредиторлар алдындағы борышты өтеу үшін қаржылық ұйымдарға, банктерге жүгінуге тура келеді. Ал олардың пайыздық жүктемелерін өтеу қосымша шығындарды талап ететіні белгілі», деп атап көрсетті Ж. Сұлтанова.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің энергожеткізушілер мен кредиторлар алдындағы қарызы 3 886 млн. теңгеге жеткен.