Саналы ғұмырын тұтастай поляк боксының көсегесін көгертуге арнаған Ф.Штамның есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. 1936-1968 жылдар аралығында жеті бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан Штамның шәкірттері 6 алтын, 7 күміс және 9 қола медальді олжалады. Кәсіпқой боксшының еңбегін ұлықтауға арналған халықаралық турнир ұзақ жылдар ішінде дәстүрге айналды.
Тартысты дода нәтижесінде 1-ші орынды Қазақстанның ұлттық құрамасының сапында қатысқан - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 1-курс студенті Данияр Елеусінов, 2-ші орынды - аталмыш университеттің 4 курс студенті Данияр Төлегенов жеңіп алды.
17:00, 05 Мамыр 2010
Астаналық боксшылар Варшавада өткен халықаралық турнирдің бас жүлдесін олжалап қайтты
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Өткен сәуір айының соңғы күндері Польша астанасы Варшавада өткен Феликс Штамды еске түсіруге арналған «А» санаты бойынша бокстан халықаралық турнирден астаналық спортшылар бас жүлдені қанжығаларына байлап қайтты.