деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Баньска Лука қаласының футболшылары Босния чемпионатында ағымдағы маусымда турнир кестесінде екінші орында келе жатыр. «Локомотив» пен «Борац» командасы арасындағы бұл кездесуде астаналықтар сапынан Роман Пахолюк пен Игорь Бугаев көзге түсті. Игорь бұған дейін РесейдіңНальчик қаласының «Спартак» командасымен өткізген алғашқы кездесуде қос доптың авторы атанған болатын. Ол ойын 2:2 есебімен аяқталған еді. Келесі кездесуін астаналықтар енді ақпанның 10-ы күні өткізіп, 13-і күні елге оралады деп жоспарланып отыр.