Оқиға видеокамераға түсіп қалған.
29 қыркүйек күні түнгі 23:00 шамасында Жедел басқару орталығының Алаш көшесіндегі видеокамералар инспекторлары қоқыс жәшігіне зиян келтіру фактісін тіркеген. Оған күдікті ретінде 26 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Ол сол сәтте мас күйде болған.
Қазіргі кезде «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Шығын сомасы анықталуда.