Әдеттегідей, алаяқтардың «схемасы» бойынша, қамауға алынған ұлына көмектесу үшін полицейлерге белгілі мөлшерде ақша төлеу қажет болды. Түйінді шешу үшін 500 000 теңге талап етілген. Бұл туралы Астана қаласы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
Әйел бірден полицияға шағымданған. Оқиға орнына Сарыарқа ауданы бойынша ІІБ-нің қызметкерлері жетті, олар ақшаны тапсыру кезінде 23 жастағы Қостанай облысының С. есімді азаматшасын ұстады. Әйелді тексеру кезінде одан 3 ұялы телефон мен сим-карталар табылды. С. есімді азаматшаның үйін тінту кезінде 4 парик пен 8 сим-карта тәркіленді.
Қазіргі уақытта оның телефон алаяқтығының 5 оқиғасына қатысы бар екендігі анықталды.
С. есімді азаматшаға қатысты «Алаяқтық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта жас қыз Астана қаласы бойынша ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.