"Астаналық" велошабандоздар Италиядағы Piemonte және Lombardia жарыстарына қатысады

АЛМАТЫ. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Астана" велоклубының шабандоздары қазанның 15-і мен 17-сі күндері Италиядағы бір күндік сайыстарға  қатысады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық кәсіпқой клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Спорт директорларынан Александр Шефер жетекшілік жасаған "астаналықтар" қазанның 15-і күні "Giro del Piemonte", ал 17-сі күні  "Giro di Lombardia" жарысына қатысады. Онда клуб намысын қорғау - Александр Винокуров, Александр Дьяченко, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Крис Хорнер, Максим Иглинский, Роман Киреев пен Яни Брайковичке сеніп тапсырылып отыр.  Олар бұған дейін қазанның 11-інде «GP Bruno Beghelli», ал 10-ы күні    «Giro dell' Emilia» додаларына қатысқанымен жеңімпаздар қатарына ене алмаған  болатын.