Бұл туралы, жұма, қыркүйектің 3-і күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Изумрудный квартал» тұрғын үй кешенін аралау барысында журналистерге мәлім етті.
«Бұл жерде «Қазақстан» және «Хабар» телеарналары орналасатын жаңа медиа-кешен бой көтереді. Бұл жерге басқа телеарналар да келетін болады», - деді Н.Назарбаев.
Президент жаңа медиа-кешеннің фильмдер мен қоғамдық іс-шараларды бейнеге түсіруге болатын кең көлемді студиялармен жабдықталатынан атап өтті.