49 жастағы маман команданы бір аптадай ғана басқарды. Бірақ оны Лиссабонға шақырған бұрынғы президент Бруну де Карвалью басшылықтан кеткендіктен, клуб келісімшартты бұзуға шешім қабылдады.
Жаңа президент Соуза Синтраның айтуынша, Михайлович клубтың жаңа маусымдағы жоспарына кірмейді. Оған келісімшарт бұзылуына байланысты, 300 мың еуро мөлшерінде өтемақы (неустойка) төленеді.
Еске сала кетейік, «Спортинг» Еуропа лигасында «Астанаға» қарсылас болып, 1/8 финалға берілетін жолдама үшін күш сынасқан болатын. Екі ойын нәтижесі бойынша 6:4 есебімен португалиялықтар келесі айналымға өткен.