УЕФА Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңініңүшінші раундына берілетін жолдама үшін таласқа түскен Венгрияның «Ференцварош» командасыМальтаның «Валлетта» командасын өз алаңында 3:1 есебімен жеңген соң, қарымтакездесудің алдынан біршама басымдыққа ие болып еді. Алайда Сергей Ребровшәкірттері қонақтағы ойынның 27-минутында пенальтиден гол жіберіп алды.Дегенмен, екінші таймда Токмак Нгуэн гол соғып, «Ференцвароштың» жеңісіннақтылай түсті.
Енді «Ференцварош» Чемпиондар лигасының үшіншііріктеу раундына шықты, ал «Валлетта» Еуропа лигасына іріктеудің үшіншіраундындағы қарсыласын күтеді. Егер «Астана» Андорраның «Санта-Колома»командасынан өте алса, үшінші раундта дәл осы «Валлеттамен» кездеседі.
Еске сала кетейік, «Астана» - «Санта-Колома»арасындағы алғашқы кездесуде 0:0 есебі тіркелгенболатын.
Енді бейсенбі күні «Астана Аренада» өтетінкездесуде жеңімпаз анықталады.