деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.
«Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті ҚР Денсаулық сақтау министрлгінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық қадағалау департаментіндегі лауазымды тұлғаның пара алуына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабы, 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген қаржы полициясының таратқан ақпаратында.
Қаржы полициясының мәліметтеріне сүйенсек, кәсіпкерлердің бірі әкімшілік жазаға тартылмас үшін департамент қызметкеріне 25 000 мың теңге көлемінде пара ұсынған.