«Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік секторында кәсіпкер әйелдердің үлесі 42 пайызды құрайды. Шет елдердің статистикасымен салыстырсақ, Франция мен Британиядағы фирмалардың 25 пайызын әйелдер, Жапонияда кәсіпорындардың 23 пайызын, АҚШ-тағы кәсіпорындардың 38 пайызын нәзік жандылар басқарады екен», - деп мәлім етті И.Қайырбеков.
Ал, Астана қаласы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі басшылардың 43 пайызы - қыз-келіншектер екен.
«Астана қаласы бойынша қыз-келіншектер 53 мың кәсіпорынды басқарып отыр. Бұл елордадағы жұмысы қарқынды компаниялардың 43 пайызын құрайды», - деп хабарлады ол.
Ал, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Бағиға Бейсембаеваның айтуынша, былтыр елордадағы кәсіпкерлер палатасы арқылы әйелдердің 34 инвестициялық жобасы жүзеге асырылған екен.