Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Статистика департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Департаменттің мәліметі бойынша, азық-түлік тағамдарына арналған негізгі дақылдар - бидай (қолда бар дақылдың 99,5%-ы), қара бидай (0,1%), жүгері (0,1%) және сұлы (0,3%).
«Азық-түлікке арналған бидайдың көп бөлігі (91,4%) қаланың элеваторларында жинақталған. Ұн комбинаттарында өңдеуге арналған 10 336 тонна бидай, 357 тонна сұлы және 153 тонна жүгері бар», - делінген таратылған хабарламада.
Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, 2012 жылы қаланың кәсіпорындары 137,1 мың тонна ұн, 16, 9 мың тонна нан, 11,14 мың тонна макарон және 10 тонна жарма өндірген. Сондай-ақ, 105,05 мың тонна ұн, 6,12 мың тонна макарон және 4,33 мың тонна жарма экспортқа шығарылды.