Астрахан ауданына жаңа əкім тағайындалды - Ақмола облысы

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мәлік Мырзалин Астрахан аудандық мəслихатының кезектен тыс 26-сессиясына қатысты. Сессияда аймақ басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауы негізінде Астрахан ауданының әкімі қызметіне Нұрлан Сейіловті тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Нұрлан Қазезұлы Сейілов 1973 жылы Ақмола облысының Астрахан ауданында туған. Екі жоғары білімі бар. Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде білім алған. Еңбек жолын 1995 жылы Сандықтау ауданындағы "Егін" шаруа қожалығының басшысы ретінде бастаған. 2005 жылдан "Шілікті АШС" ЖШС орынбасары, кейін 2011-2014 жылдар аралығында директоры қызметінде болды.

    

2014 жылдың сəуір айынан бастап Астрахан ауданы əкімінің орынбасары лауазымында қызмет істеді.