Атақты татар композиторы Н.Жигановтың 100 жылдығы Оралда да аталып өтілетін болады

ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Атақты татар композиторы Назиб Жигановтың 100 жылдығы Оралда да аталып өтілетін болады.

Мерекелік шараларға татар ұлттық-мәдени орталығы ұйытқы болып отыр, Оралға композитордың ұрпақтары келмекші.

Назиб Жиганов Орал қаласында туып-өсіп, 1928 жылы Қазан қаласына қоныс аударды. Кейін Татарстан Композиторлар одағының төрағасы, Қазан консерваториясының ректоры қызметтерін атқарды. Еңбегі мен туындылары лайықты бағаланып, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері атанып, Мемлекеттік сыйлық берілді.

Композитордың 100 жылдығы Татарстанда, сондай-ақ Мәскеу мен Санкт-Петерборда да тойланбақшы.