Атамбаевты ұстау: Шу облыстық ауруханасына оқ тиген 2 ер адам түсті

Фото: None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Шу облыстық ауруханасына сағат 21.20-да жедел жәрдем кеудесіне резеңке оқ тиген 2 ер адамды жеткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз республикасы Денсаулық сақтау министрлігініңдерегіне қарағанда, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Қазір оларғамедициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Шу облысындағы жедел жәрдем стансасына сағат 20.20-да хабаркеліп түскен. Оқиға орнына Шу облысынан 5 жедел жәрдем жасағы, Бішкектен 3жасақ жеткен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қой-Ташта АлмазбекАтамбаевты ұстау операциясы жүріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Жогорку Кенеш елдіңэкс-президенті Алмазбек Атамбаевтан тиіспеушілік мәртебесін алып тастау туралышешім қабылдаған еді.

Айта кету керек, бұған дейін Атамбаевқа қатыстыдепутаттар тарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттықкомиссия құрылған болатын. Комиссия жұмысының нәтижесінде экс-президентке 6бөлім бойынша айып тағу туралы шешім қабылданды.

Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынанбағалай келе, тек бес бөлімді қалдырды.

Осылайша, Атамбаев Қой-Таш ауылынан жер телімін заңсызсатып алып, үй салу, қылмыс әлеміне танымал Азиз Батукаевты қамаудан босатуғазаңсыз бұйрық шығару, «Форум» ғимаратын Субихи Пархатиге жалған сату, Бішкекқаласының Жылу электр орталығын қайта құру және ол үшін көмір сатып алукезіндегі жемқорлық әрекеттер бойынша күдікке ілініп отыр.

Атамбаевосымен үшінші рет ІІМ-ге ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі А.Батукаевтыбосату ісі бойынша жауап алуға шақыртылған. Алайда ол бармаған.

Соңғы жаңалықтар