Атап айтқанда, ұлттық палатада мынадай мәселелерді талқылауға арналған кеңес өтті: конкурсты ұйымдастыру және өткізу процестерін жаңғырту; Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) соңғы редакциясына сәйкес ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлерге арналған байқау моделі; «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесін өткізу процедурасын қайта қарау; байқауға қатысушыларды ынталандыру шараларын қайта қарау; конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу жөніндегі ҰКП комиссиясына қосу үшін сарапшылардың іріктеу критерийі мен процесі, олардың еңбектеріне төлем жасау және басқа да мәселелер.
Жаңа ережелерді «Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова таныстырды. Талқылау аяқталғаннан кейін ол салалық қауымдастықтардан байқауды өткізуге қатысты ұсыныстары мен ұсынымдарын палатаға жіберуді өтінді.