Осы уақыт аралығында іске қосылған тұрғын үйлердің барлығы дерлік жекеменшік құрылыс жүргізушілер есебіне тиесілі. Аудан әкімі Руслан Әубәкіровтың айтуынша, жыл ішінде осы бағдарламаға 137,4 миллион теңге инвестиция тартылса, оның 127,1 миллион теңгесі жергілікті тұрғындар еншісіне тиесілі, ал республикалық бюджеттен 2,3 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 0,8 миллион теңге деңгейінде қарастырылып отыр.
Жалпы аудан бойынша осы уақытта құрылыс жұмыстарына бір миллиард 156,9 миллион теңге қаржы қарастырылса, оның 60,5 миллион теңгесі мемлекет қаржысы, 615,1 миллион теңгесі жеке меншік құрылыс жүргізушілерге, 481,5 миллион теңгесі шетел инвесторлары үлесіне тиесілі.