Атбасар ауданының әкімі бөгет құрылысы туралы айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  2014 жылы Атбасар қаласындағы апат туралы хабар барша Қазақстанға тарады. Онда бөгетке аққан су деңгейі 4,5 метрді құраған еді. Ал өткен жылы су биіктігі 4 метрге жеткен болатын.

2015 жылы су тасқынына қарсы шаралар аясында 9 шақырымдық бөгет нығайтылды. Сол бөгет өткен жылы Атбасарды қызыл судан сақтап қалды, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы.

«Жұмыстарды жүргізуге 95 миллион теңге бөлінді. Іс жүзінде бұл жұмыстар 80 миллион теңгеге жүргізілді. Мұның толыққанды бөгет құрылысы еместігін ескерткім келеді. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз үйінді топырақ түрінде бірнеше шақырымға созылатын, биіктігі 6,7 метрге жететін бөгет тұрғыздық - мұндай жұмысты бізге дейін ешкім істемеген. Осы мақсатта бюджеттен бөлінген қаражат су әкелетін зардаптан он есе аз. Бірақ, бізде басқа амал болмады», - деп атап өтті Атбасар ауданының әкіім Андрей Никишов.

«Ол кезде су тасқынына қарсы шараға күні бұрын дайындық жүргізу Атбасар ауданындағы қауіпті аймақтарда орналасқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді су басуға жол бермейтін еді. Және дәл осы топырақ үйіндісі 2015-2016 жылдары су тасқынына қарсы тұруға септігін тигізді», - деді әкім.

Су бөгеті судың мұншалықты көп мөлшеріне арналмаған. Судың шекті деңгейі 2014 жылмен салыстырғанда 2,5 метр және 80 сантиметрге асып кетті. 40 рет жүргізілген жарылыс жұмыстары да үйіндінің әлсіреуіне себеп болды. Сол себепті су тасыды, деп түсіндірді А. Никишов.

«Үйінді тұрғызуда кейбір атбасарлықтардың бақшасын құрбан етуге тура келді, кей жерлерде шаруашылық құрылыстарға нұқсан келді. Су тасқынынан кейін үй иелеріне барлық құрылыстарды қалпына келтіруге көмек бердік. Өзге орындардан жер үлестері бөлінді, қайтадан құнарлы топырақ әкелінді. Бұл жұмыстарға 63 миллион теңге бөлінді. Міне, осылайша кейбір БАҚ хабарлаған 200 миллионнан астам теңге емес, 158 миллион теңге шығады.

Егер топырақ үйіндісі болмаса, аппаттан келген шығын көлемі бұдан да көбірек болар еді. 2014 жылы 500-ден астам үйді су басты. Қазіргі уақытта - 545. Әрине, бұл да аз емес, бірақ топырақ үйіндісінің айтарлықтай көмегі тиді», - деп қорытындылады әкім.