Алаяқтар қалай әрекет етеді?
Қаскүнемдер алдаудың түрлі сценарийлерін қолданады, алайда олардың мақсаты өзгермейді, ол — кредит ресімдеу не ақша қаражатын ұрлау үшін мобильді құрылғыға немесе банктік сервистерге қол жеткізу.
Барынша кең тараған схемаларға төмендегілер жатады.
«Қарсы», «техникалық» немесе «қорғаныш» кредит
Әдетте, алаяқтық схема СМС арқылы келген растау кодын хабарлау туралы өтінішпен өзін байланыс операторының немесе өзге де ұйымның қызметкері ретінде таныстыратын адамның телефон арқылы қоңырау соғуынан немесе хабарынан басталады. Содан кейін оған өзін банк, құқық қорғау органдары немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардан қоңырау түседі. Олар азаматтың атына кредит рәсімдеу әрекеті не банктік шот бойынша күдікті операциялар туралы хабарлайды.
Алаяқтық әрекеттердің алдын алу, рұқсат етілмеген өтінімнің күшін жою немесе қолма-қол ақшаны қорғау сияқты сылтаумен қаскүнемдер азаматты «техникалық», «қарсы» немесе «қорғаныш» деп аталатын кредит алуға көндіреді. Сенімге ие бола отырып, алаяқтар азаматты биометриялық сәйкестендіруден өтуге және мобильді қосымшада қажетті операцияларды растауға итермелейді. Сондай-ақ, олар экранды көрсетуді, бейнебайланысты қосуды не олардың нұсқауларын орындау үшін екінші мобильді құрылғыны пайдалануды талап етуі мүмкін.
Нәтижесінде азамат өз әрекетінің мазмұны мен салдарын түсінбей, кредитті өз бетінше ресімдейді. Қарыз қаражатын алғаннан кейін оны ақшаны «қауіпсіз», «резервтік» немесе «арнайы» деп аталатын шоттарға аударуға көндіреді. Шындығында, ақша қаражаты алаяқтардың бақылауындағы шоттарға түседі, ал қарызды өтеу жөніндегі міндеттемелер азаматқа жүктеледі.
«Жеңілдікпен» кредит беру схемасы
Қаскүнемдер мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдетілген немесе ерекше жағдайларда кредит алуға жәрдемдесуді ұсынады.
Мұндай кредитті ресімдеу үшін азамат қосымшаны орнатуға, биометриялық сәйкестендіруден өтуге, мобильді құрылғыға қол жеткізуге немесе банктің немесе МҚҰ мобильді қосымшасына кіру үшін деректерді беруге сендіреді. Қаржылық сервистерге қолжеткізе отырып, қаскүнемдер онлайн-қарыз ресімдейді және ақшалай қаражатты үшінші тұлғалардың бақылауындағы шоттарға аударады.
Көбінесе азамат кредиттің бар екендігі туралы берешек туралы хабарламалар түскеннен немесе кредитор жүгінгеннен кейін ғана біледі.
Неден секемдену қажет?
Мыналар алаяқтықтың белгілері болуы мүмкін:
— алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін-мыс «техникалық», «қарсы» немесе «қорғайтын» деп аталатын кредиттерді рәсімдеу талаптары;
— қосымшаны мобильді телефонға шұғыл түрде орнату талаптары;
— экранның көрсетуін, бейнебайланысты қосу не екінші мобильді құрылғыны пайдалану туралы өтініштер;
— үшінші тұлғалардың нұсқауы бойынша биометриялық сәйкестендіруден өту талаптары;
— психологиялық қысым, қорқыту немесе жасанды жеделдікті құру;
— жеңілдетілген, арнайы немесе өзге де ерекше жағдайларда кредит алуға жәрдемдесу ұсыныстары;
— қарыз алушының қаржылық жағдайына қарамастан, кредитті кепілдендірілген мақұлдау туралы уәделер;
Есте сақтау керек: банктердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды кейіннен жою үшін кредиттер ресімдеуді, қосымшалар орнатуды, банктің немесе МҚҰ телефонына немесе мобильді қосымшасына қашықтан қол жеткізуді, сондай-ақ мобильді құрылғы экранын көрсетуді талап етпейді.
Бұдан басқа, ерекше шарттарда жеңілдікті кредит алуға жәрдемдесуге уәде беретін үшінші тұлғалардың ұсыныстарына сенбеу керек. Қарыз беру туралы шешімдерді белгіленген тәртіппен қаржы ұйымдары ғана қабылдайды.
Өзіңізді қалай қорғай аласыз?
Ұсыныстар:
- SMS және push-хабарламалардағы кодтарды ешкімге бермеу;
- белгісіз тұлғалардың нұсқауларын телефон арқылы, мессенджерлер немесе әлеуметтік желілер арқылы орындамау;
- белгісіз адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпау;
- телефонды бөгде адамдарға бермеңіз;
- банктің немесе МҚҰ-ның мобильді қосымшасын пайдалану кезінде экранды көрсетпеу және бейнебайланысты қоспау;
- белгісіз тұлғалардың нұсқауы бойынша екінші мобильді құрылғыны пайдаланбау;
- күрделі құпиясөздерді және екі факторлы аутентификациялауды қолдану;
- банктің немесе МҚҰ-ның хабарламаларын және несие тарихын үнемі тексеріп отыру;
- «Стоп-кредит» сервисін пайдалану;
- күмән туындаған жағдайда ресми байланыс арқылы банкпен немесе МҚҰ-мен дербес байланысу.
Агенттік азаматтарды қырағы болуға және банктің немесе МҚҰ-ның мобильді қосымшасында іс-әрекеттер жасау туралы кез келген талаптарға сыни көзқараспен қарауға, сондай-ақ ешкімге өз құрылғылары мен дербес деректеріне қолжетімділік бермеуге шақырады.
Осыған дейін адамдардың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, 2 млрд теңге несие алған қылмыстық топ ұсталғанын жазғанбыз.