Доссор кентінің маңында жұмыс істейтін құтқару пункті «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.
Ол жол-көлік апатында және табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда адамдарға жедел жәрдем көрсетуге арналған. Бірінші кезекте, екі облысты байланыстыратын тас жолындағы қар құрсауында қалғандарға көмек көрсетуді көздейді.
Құтқару пунктінде 2 ауысымға бөлінген 10 адам жұмыс істейді. Әр ауысымда дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспетчер, жүргізуші-құтқарушы және құтқарушы болады. Пункттің жеке Hyundаi County реанимобилі бар.