«Атырау мен Астраханды жалғап жатқан автожолда, Ерғалиев атындағы елді мекенге таяу маңда, бүгін түстен кейін көлік апаты болды. «Hyundai Accent» және «ВАЗ-21015» көліктері бетпе-бет соғысқан. Оқиға орнында 60 жастағы «ВАЗ-21015» жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы - 1977 және 1961 жылы туған екі әйел, 1989 және 1958 жылы туған екі ер адам жан тапсырды», - деді Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Сондай-ақ, «Hyundai Accent» көлігінде болған жүргізуші мен 4 жолаушы Исатай аудандық ауруханасына жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар бір отбасының адамдары - ерлі-зайыпты екеу мен үш баласы.