111 адам апатты үйдің жанында орналасқан мектеп-интернатқа, тағы 20-сы Қарттар үйіне орналастырылды. Оларға киім-кешектер, тазалық құралдары берілді, қажетті медицицналық қызмет пен 3 реттік тамақтану ұйымдастырылды.
Оған қоса тұрғындардың мүлкін сақтау мақсатында үй толығымен тәулік бойына полиция қызметкерлерінің күзетіне алынды. Сондай-ақ тұрғындардың қажеттілігіне жедел әрекет ету мақсатында әкімдік қызметкерлері мен басқа органдардың күн сайынғы кезекшілігі ұйымдастырылды», - деп хабарланды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.