Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.
«Атырау қалалық прокуратурасына түскен келіп түскен арызды қарау барысында «Вестерн Виста» ЖШС-не қарасты 10 жұмысшының конституциялық құқы бұзылғаны анықталды. Аталған серіктестікпен 2011 жылдың мамыр және маусым айларының аралығында жалпы сомасы 3 383 500 теңге шамасындағы еңбекақы өтелмегендігі белгілі болып отыр. Бұл жерде, жұмыс берушімен Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23 бабы 2 тармағы 5 тармақшасына сәйкес талаптары бұзылған, атап айтқанда, жұмыс беруші қызметкерге Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті», - делінген баспасөз айғағында.
Осыған байланысты қала прокуратурасымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша «Вестерн Виста» ЖШС-не заңдылықты бұзушылықтарды болдырмау туралы ұсыныс енгізілді. Сөйтіп, 10 жұмысшының Конституциялық құқықтары қорғалды.
11:29, 02 Тамыз 2011
Атырау қалалық прокуратурасы жұмысшылардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтады
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Атырау қалалық прокуратурасы жұмысшылардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.