«2016 жылғы бірінші тоқсанда Атырау қалалық соты барлығы 1867 істі аяқтады, оның 35-і бейбіт келісім жасасумен аяқталды. 62-сі медиация тәртібінде дауларды реттеумен, 3 іс татуласу рәсімдерін қолданумен аяқталды. Сот дауы татуласу рәсімдері арқылы аяқталу тараптарды ұзақ сот үдерісінен арылтады», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.