Атырау қаласының тең жартысы 3 күнге газдан ажыратылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Орал өзенінің сол жағалауында орналасқан Атырау қаласының жартысы бүгін таңертеңнен бастап табиғи газдан ажыратылады.

«Газдан магистральдық газ құбырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ажыратылды. 16-19 қыркүйек аралығында Атыраудың сол жағалауындағы шағын аудан, сондай-ақ Мақат ауданының Доссор кенті газдан ажыратылады. 20-24 қыркүйек аралығында Атырау қаласының оң жағалауында және Махамбет, Индер аудандарының, сондай-ақ Орал өзенінің оң жағалауында орналасқан елдімекендерде газ сөндіріледі», - деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалынан.