Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, мұнай тиелген МАЗ автомашинасы Мақат-Доссор жолымен кетіп бара жатқан. Тексеру кезінде мұнайға байланысты құжаттар жоқ болып шығады да, Өзбекстан азаматы айдап бара жатқан көлік ұсталады. Тексеру барысында мұнайдың Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырынан ұрланғаны анықталады.
«Анықталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер көліктің иесін, сондай-ақ мұнайдың қалай ұрланғанын және оның қайда апарылмақ болғанын анықтауда», деп хабарлады Г.Мұхтарова.