«Атырау-Кутаиси» әуе рейсі 12 сағатқа кешігіп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Кутаисиге ұшатын ұшақ 12 сағатқа кідіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 14.00-де Атыраудан Грузияның Кутаиси қаласына  «Sunkar Air» әуе компаниясының чартерлік рейсімен ұшып кетуге тиіс едік. Алайда, таңертең осы сапарды рәсімдеген туристік компания ұшырылымның түнгі сағат 2-ге дейін - 12 сағатқа кідіретінін айтты. Турфирма ұшақтың не себепті кешігіп жатқанын білмейді. Бұдан бұрын «Sunkar Air»   компаниясы чартерлік рейстерді кесте бойынша орындайтын жалғыз компания деп айтқан болатын. Енді, міне 12 сағат күту керекпіз», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне атыраулық туристердің бірі Талғат Әубәкіров.