Облыс орталығына қарай жолға шыққан С.Оразалиева жүктіліктің соңғы айларында болған. Кенеттен сапар кезінде толғағы қысыпты. Қуанышқа орай бәрі сәтті өтті. Маңғыстау перронында әйелді және жаңа туған нәрестені жедел медициналық жәрдем күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізді.
«Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, қыз баланың денсаулығы жақсы, оның салмағы 3 келі 550 грамм, бойы 51 сантиметр. Бала мен ана өздерін жақсы сезінуде», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта көліктік компания босандыруға көмектескен жолсерікті анықтауда.