«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директоры Талғат Байтазиевтің айтуынша, ақпан айында Украинаға және Балтық елдеріне мазут тиелімі біршама кеміген. Оған мазут тасымалданатын цистерналардың жетіспеуі себеп болып отыр. Резервуар паркі толғаннан кейін, зауыт мұнайды бастапқы өңдеу жөніндегі қондырғысын тоқтатуға мәжбүр болған. Одан кейін басқа да қондырғылардың жұмысын 50 пайызға төмендеткен.
Бірақ та зауыт басшысының айтуынша, өндірісті қысқарту үдерісі зауыттың қаңтар-ақпан айларындағы бензин өндіру жоспарына әсер етпеген. 2011 жылдың алғашқы екі айында 630 тонна жоспарланғанымен, 680,1 мың тонна мұнай өңделген.
Зауыт өндіретін отын мазутының 95 пайызға жуығы экспортқа жөнелтіледі.