«2013 жылдың 29 қаңтарында сағат 12:00-де Атырау мұнай өндеу зауытындағы қалыпты технологиялық режимде болған АТ-2 мұнайды бастапқы өндеу жабдығының ыстық сорғысындағы жабдықтың герметизацияланбауы салдарынан өрт басталды. Апатты жою жоспарына сәйкес АТ-2 жабдығының жұмысы тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. Зауыттың қалған барлық технологиялық жабдықтары штаттық режимде жұмыс істеуде. Мұнайды қабылдау және мұнай өнімдерін тиеу жұмыстары тоқтатылған жоқ. Жабдықтың толық суынуынан кейін комиссия өрттің себептері мен жөндеу жұмыстарының көлемін анықтайды», - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
15:34, 29 Қаңтар 2013
Атырау мұнай өндеу зауытында болған өртке жабдықтардың герметизацияланбауы себеп болды
АТЫРАУ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12-нің кезінде Атырау мұнай өндеу зауытында басталған өрт толық сөндірілді.