Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай цистерналары қозғалысы тәртіпке келтіріледі

АТЫРАУ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Елбасы Жолдауына сәйкес 2009 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңарту ауқымында кәсіпорында цистерналарды мұнай өнімдерін құюға және мұнайды құйып алуға беру жүйесін өзгерту жоспарлануда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Зауыттың бас технологы Денис Козырев зауыт жаңа теміржол тармағын төсейтінін айтты. Бұдан кейін бұрын облыс орталығы аумағы арқылы кәсіпорындарға күн сайын жеткізілетін цистерналар қалалық аудандардың үстімен өтпейтін болады. Сөйтіп, мұнай өнімдері құйылған цистерналар қала ішіндегі топырақ пен әуе қабатын ластамайды. Бұдан мұнай өңдеу кәсіпорны да ұтады. Д. Козыревтің айтуынша, теміржол тармағымен қатар ашық түсті мұнайды құятын жаңа эстакада салынбақ. Мұның есебінен зауыттан жөнелтілетін жүктер көлемі арта түседі.