Атырау мұнай өңдеу зауытының қаза тапқан қызметкерінің отбасы бес миллион теңге алады

АТЫРАУ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырауда арнайы комиссия мұнай өңдеу зауытында болған жарылыстың және өрттің себептерін тексеруге кірісті. Төтенше жағдай қыркүйектің 23-інде орын алды. Жарылыс кезінде зауыттың бір қызметкері мерт болды және үш қызметкер зардап шекті.

«Қаза тапқан қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетілетін болады. Шарт бойынша барлық міндеттемелер орындалады. Ол бес миллион теңгеден аз болмайды. Бұл сома одан да көп болуы мүмкін - көмек көрсету үшін пайдалануға болатын барлық заңды жолдарды қарастыратын боламыз», - деді Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Талғат Байтазиев.