Атырау облысы ІІД-нің жаңа бастығы тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - ҚР сыртқы істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Аян Дүйсембаев Атырау облысы ІІД бастығы қызметіне тағайындалды.

«Атырау облысында дүниеге келген Аян Сәбитұлы Дүйсембаев соңғы төрт жыл Атырау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ол - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, әр жылдарда ішкі істер органдарында қызмет етті, ҚР ІІМ аппаратында жұмыс жасады, Алматы және Астана қалалары ІІД басқармаларының бастығы болды, ҚР ІІМ департаменттерінің бірін басқарды», - деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін облыс ІІД бастығы болған Арман Жалмұханбетов Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің кадрлар резервіне ауыстырылды.