«Қазақстан - ресей шекарасында үш автоцистернаға құйылған мұнай өнімдерін өткізбек болғандар қолға түсті. Оларды ұстауға мұнайдың қайдан шыққаны жөніндегі құжаттың жоқтығы негіз болды. Қазіргі уақытта химиялық сараптаманың көмегі арқылы мұнайдың қай кеніштен екендігін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр»,-деп ақпараттандырды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мухтарова.