Атырау облысында 8 аурухана және емхана салынады

АТЫРАУ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Ағымдағы жылы Атырау облысының қалалары мен аудандарында 8 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілетін болады.

Олардың құрылысына 11 млрд. 873 млн. теңге бөлінді.

Облыс орталығының Көркем шағынауданында 500 келушіге арналған іске беріледі. Әрқайсысы 250 келушіге арналған емханалар 5 аудан орталықтарында - Гәнішкен, Миялы, Махамбет, Аққыстау және Мақат ауылдарында салынады. Құлсарыда - 75 төсектік туберкулезге қарсы аурухана, Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылында 100 төсектік туберкулезге қарсы аурухана салынып, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Атырауда 180 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының, 80 орындық психоневрологиялық диспансердің және облыстық ЖҚТБ-орталығының құрылыстары басталады. Балалар ауруханасы күрделі жөндеуден өткізіледі.