"Қанды оқиға 15 сәуірде орын алған. Өз үйінде мойнынан ауыр жарақаттанған 67 жасар әйелдің мүрдесі табылды. Жүргізілген тергеуден кейін анасын өлтірген күдікті ретінде Құлсары қаласының тұрғыны ұсталды", - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Ер адамға қатысты қасақана адам өлтіргені үшін жаза қарастырылған бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.