Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суық қарудан оқ ату Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылында болған.
«Кеше, 30 қазан күні сағат 19.30-да «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 331-шақырымында Сағыз ауылының маңында жастар бір-біріне оқ атқан. Зардап шеккендер бар. Олар Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Оқ атуға ауыл жастарының бір-бірімен келіспей қалғаны себеп делініп отыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда токқа түскен 10 жасар бала көз жұмғанын жазған болатынбыз.