«Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Атырау облысының арнайы табиғатты қорғау прокуратурасымен және ІІД өкілдерімен бірлескен балық қорғау шараларын жүргізу барысында 2014 жылдың 3 қарашасында Жайық өзенінде Амангелді кентінің тұрғыны басқарған қайық тоқтатылды», делінген хабарламада.
Тексеріс барысында жалпы салмағы 150 келі болатын 73 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Осы күні Зарослый каналында «Амур» қайығы тоқтатылды. Қайықта Атырау қаласының екі тұрғыны болған. Олардан салмағы 120 келі бекіре балықтары мен 5 дана аулау құралдары тәркіленді.