Атырау облысы бойынша ТЖД-дан хабарлағандай, адамдардың жоғалғандығы туралы ақпарат өткен түнде келіп түсті. Бүгін таңертең оларды іздестіру жұмыстары басталды. Іздестіру шараларына ұшақ пен ауа жастықшасы бар кеме жұмылдырылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, балықшылар теңізге мотоциклмен шыққан. Олар тұрған мұз ажырап, теңіз ортасына ағып кеткен.