"ҚХР 8 азаматы 2015 жылы 24 тамызда «Қорғас» БӨБ арқылы Қазақстан Республикасына Атырау мұнай және газ институтына түсу үшін келген. Алайда қытайлық студенттер визада көрсетілген ел аумағында болу мерзімінен асып, көші-қон заңын бұзды", - делінген хабарламада.
Сот оларды ҚР ӘК 517-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танып, 2 тәулікке қамау жазасын тағайындады.
Айыпталушылар бұл қаулыға шағым жасай алады.