Төтенше жағдай бейсенбі күні «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-нің мұнайы айдалатын мұнай құбырында орын алды. Металды ысырманың жарылуынан мұнай 500 шаршы метр аумаққа төгілді. Оның ағуы тоқтатылды.
«Прокуратура органдары экология департаментіне әрекет ету актісін жолдады. Жерге төгілген мұнайдың көлемі есептелген соң, экологтар қоршаған ортаға келтірілген зиянды өндіріп алу шараларын қолға алатын болады. Сондай-ақ кінәлілерді тауып, әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет», - деді Атырау облысы Исатай ауданының прокуроры Мақсат Ермеков.