Ұлттық статистика бюросы Атырау облыстық департаментінің басшысы Галя Мұханғалиеваның айтуынша, халық санағын жүргізу үшін Атырау қаласы мен аудандарда 90-нан астам арнайы бұрыш ашылған.
«Атырау облысында онлайн режимінде халық санағынан 220 738 адам өтті. Бұл – облыс тұрғындарының 33,24 пайызы. Оның ішінде 195 186 адам sanaq.gov.kz сайты, 21 552-сі egov.kz порталы, ал 4 мыңы Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ парақтарын толтырды. Онлайн-санақтан өткендердің басым бөлігі Атырау қаласында (95 845 адам)
тіркеліп отыр. Құрманғазы ауданында 23 384, Жылыойда 22 083 адам санаққа қатысты», -
дейді Галя Мұханғалиева.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 145 мыңнан астам адам онлайн санақтан өткенін жазған болатынбыз.