«2011 жылдан бастап түгендеу нәтижесінде 659,6 мың гектар пайдаланылмай отырған жерлер анықталды, бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 30 пайызға жуығын құрайды. Бұл жерлердің 83,7 пайызы мемлекетке қайтарылды. Ауданы 96,8 мың гектар жерлердің иелері ескерту жасалғаннан кейін өз жерлерін игере бастады. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жерлерді түгендеуде облыста 3 006 пайдаланылмаған учаске анықталды. Олардың 423 учаскесі мемлекетке қайтарылды. 3006 учаске материалдары аумақтық жер инспекцияларына жолданды, онда 2 025 телім иелеріне ескерту жасалды. 82 учаскеге қатысты талап-шағымдар жөнінде сотттар оң шешім қабылдады. 412 учаскеде жұмыстар басталды. 140 учаске бойынша азаматтық-құқықтық шаралар қабылданды», - деп хабарлады облыстық жер қатынастары басқармасынан.
04:47, 15 Қыркүйек 2014
Атырау облысында өз мақсатына пайдаланылмай отырған 420-дан астам учаске мемлекетке қайтарылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 420-дан астам өз мақсатына пайдаланылмай отырған учаске мемлекетке қайтарылды.