Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлнар Хаженованың айтуынша, егер 2010 жылы кәмелеттік жасқа жетпегендерді зорлау бойынша тек 1 іс қаралған болса, 2011 жылы олардың саны 3-ке жетті. Ал биылғы жылдың басынан бері 8 оқиға тіркелді.
Балаларды педофилдерден қалай қорғау керектігі жөніндегі әңгіме «дөңгелек үстел» барысында айтылды. Оған сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының және балалармен айналысатын ұйымдардың өкілдері қатысты.