Атырау облысында полицейдің жаралану оқиғасы тексерілуде

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында полицейді әріптесінің жаралау оқиғасы бойынша тергеу алды тексеру басталды.

«Жылыой АІІБ қызметкерлерінің бірі өз әріптесімен ерегісу кезінде өткір заттан жарақат алған. Жараланған азамат ауруханаға апарылды. Облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК 106 бабына сәйес сот алды тергеуді  бастады. Жаралауға күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды»,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гулназира Мұхтарова.