Атырау облысында төбелес кезінде 21 жастағы жігіт көз жұмды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құлсары қаласында 21 жастағы азамат оқ тиіп қаза тапты.

«Жастар арасындағы төбелес кезінде аудан орталығының екі тұрғыны жарақаттанды. Екеуі де 21 жаста. Олар ауруханаға жеткізіліп, біреуі жансақтау бөлімінде қаза тапты», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.

Полицейлер топтық төбелеске қатысқан күдіктілерді анықтады. Алты адам ұсталды, олардың барлығы Жылыой ауданының тұрғындары. Олардың бірі, 1992 жылдың тумасы ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қалған күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Оларды қамауға алуға байланысты мәселе шешіліп жатыр. «Тінту кезінде тәртіп сақшылары бес қаруды, соның ішінде екі шолақ мылтықты тапты. Сондай-ақ бес қару мен оның он оғы жердің астына көмілген. Бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - деді Г. Мұхтарова.