«Биылғы жылы Құлсарыда әрқайсысы 60 пәтерден бес үшқабатты үйдің құрылысын бастаймыз. Бұл жалпы алғанда үш жүз жаңа пәтер тапсырылады деген сөз», - деп мәлім етті аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Қазіргі уақытта аудан орталығы Құлсарыда 253 көппәтерлі үйдің 60-ы апатты жағдайда. Статистиканың көрсетуінше, Жылыой ауданында 1989 жылдан бері мемлекеттік баспана салынбаған.